Құран Кәрім

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Құран Кәрім » Сүрелер & Cуры » Фатиха сүресі


Фатиха сүресі

Сообщений 1 страница 3 из 3

1

Бірінші пара

Фатиха сүресі (1)

Жеті аяттан тұратын осы сүре Меккеде түсірілген. "Фатиха" –деп аталуы қазақ тіліндегі "бет ашар, ашушы" деген ұғымды білдіреді. Мәтінінің қысқа болуына қарамастан, Құрани Кәрімнің мағынасын негізінен өзінің бойына жиып алғаны үшін, Құрани Кәрімдегі сүрелердің орналасу жүйесінде алғашқы орында тұр және Құрани Кәрімнің мазмұнын "ашушы" мәртебесіне ие.
Бұл сүреде жалғыз Аллаһ тағалаға деген сенім, Аллаһ тағаланың Өзіне ғана ғибадат ету, Ақырет күнінің бар екеніне сену, жалғыз Аллаһ тағалаға табынып, медет-жәрдемді де тек Өзінен ғана сұрау, шынайы дін және тура жолды жалғыз Ұлы Аллаһтың Өзі ғана көрсете алатынына иман келтіру сияқты Ислам дінінің негізгі шарттары жинақталған. Сондықтан, Фатиха сүресін "Құранның анасы –негізі" - "Уммүл Құран" деп те атайды.
1. Мейірімді және Рақымды Аллаһтың атымен (бастаймын).
2-3-4. Мадақ - алғыс түгел әлемдердің Қожасы, Мейірімді және Рақымды, Қиямет- Жаза күнінің Әміршісі – Аллаһ тағалаға тән.
Түсінік: Адамзат әлемінде билік құру мадақ-алғысқа лайық жол ашпайды.
Аллаһтың құзырындағы түгел ғалам мен ғарыштың, оларды мекендеген жанды-жансыз тіршіліктің үстінен білім-даналықпен және мейірім- шапағатпен иелік ететін, олардың ықпалынан тыс, жоғары, ақыреттің есеп-Кітап күніне де жеке Әмірші Аллаһ тағаланың Жалғыз Өзі ғана мадақ-алғысқа лайық.
5. Өзіңе ғана құлшылық ұрамыз және Өзіңнен ғана жәрдем сұраймыз.
6.7. Біздерді (Өзіңнің) қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың емес, Өзің нығметке бөлендіргендеріңнің жолы болған тура жолмен бастай көр.
Түсінік: Айтылғандар (Аллаһтың жарылқағандары) - барлық Пайғамбарлар, шын иман-сенім тұтынушылар және өз сенімдері жолында жандарын құрбан ететін кісілер!

0

2

Вот как эта сура читается с арабского:
Bissmillahi rahmani rrahim.
alhamdullilahi rabbil alemin.
Maliki yevmiddin. Yiyake nabudu ve yiyake nestagil.
Ihdinessiratal mustakim. Siratallezine en amtu aleyhim gayril magdubi aleyhim ve ledallin

0

3

Бәрібірде толық арабша оқығымыз келсе "Таджуийт" ғылымын оқу керек, олсыз дұрыс Құранда толықтай оқи аламаймыз.

0


Вы здесь » Құран Кәрім » Сүрелер & Cуры » Фатиха сүресі